Обама қару сатуды шектеу жайын айтып тұрып,жылап жіберді

Жұма, 8 Қаңтар , 2016 10:52

АҚШ президенті Барак Обама қару айналымына шектеу салу туралы жарлыққа қол қойды. Мұның өзі қисынды қадам болып табылады: елде жаппай атыс көбейіп кетті.

06-01-16-obama-1

Бұл туралы НТВ телеарнасы хабарлады.

Америкада жаппай кісі өлімі Обаманың президенттігі кезінде тіпті қатты белең алды.
Ақ үйдің конгресті қару саудасына бақылау жасау туралы заңды күшейту жөніндегі барлық ұсыныстары республикашылдар мен қару-жарақ сатылымына мүдделі болып отырғандар тарапынан қатты қарсылыққа ұшыраумен болды. Сондықтан Обама бәрін өзінің қолына алып, президенттік жарлығымен тапанша мен автомат сатушыларға сатып алушыларды тексеруді міндеттейтін қаулы шығарды.

«Біз планетадағы жаппай кісі өлімі ұдайы болып тұратын жалғыз елміз. Басқа бірде-бір ел бұған тіпті жақын да келмейді. Бірақ бізде бұл проблеманы оңды етіп шешу орнына, ол өткір саяси таластардың тақырыбына айналып кетті», – деді Барак Обама.

Қару-жарақ саудасын бақылауда ұстау керек екенін АҚШ президенті Америка қалалары көшелерінде мылтық оғынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының ортасында тұрып айтты. Осыны айтып тұрғанда Обама толқығаннан көзіне жас алды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар