Нью-Йорктегі такси жүргізушілерінің 96 пайызы – мигранттар

Сәрсенбі, 31 Тамыз , 2016 9:18

Нью-Йорктегі такси жүргізушілерінің 96 пайызы – келімсектер. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік білмейді.

newyork

Фото: vnewyorke.com

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Осыған дейін таксидің рөліне отыру үшін жүргізушілер ағылшын тілін қаншалықты меңгергендігі туралы тест тапсыратын. Енді Нью-Йорк мэрі Билл Де Блазио иммигранттарға жұмысқа орналасу оңтайлы болу үшін бұл емтиханды заңды түрде алып тастады.

Такси жүргізушілері бұған қуанышты, ал жолаушылар оған керісінше наразы. Өйткені тілді жетік білмегендіктен, такси жүргізушілері діттеген жерге жеткізе алмай жатады. Тіпті бұл жерде электронды навигатор да көмектесе алмайды.

Бүгінде Нью-Йоркте 144 мың такси жүрізушісі жұмыс істейді. Олардың көпшілігі испан тілінен басқа тілді білмейді. Сондай-ақ мыңдаған сары түсті таксидің рөлінде отырғандар – Оңтүстік Азиядан келгендер.

Дегенмен қалалық әкімшілік өкілдері такси жүргізушілері үшін ағылшын тілін жетік меңгеру міндетті емес дейді. Мәселен, Uber жүргізушілері ағылшын тілінен тест ешқашан тапсырмаған. Бірақ жұмыстарына ол еш кедергі келтірмепті. Жолаушылар да азаймаған.

“Бұл – такси жүргізушілеріне берілген мүмкіндік. Біз осылайша орта таптың қатарына қосыла аламыз. Бұл үшін осы жолдағы кедергілерді жоюымыз қажет”, – дейді Нью-Йорк қалалық кеңесінің мүшесі Уданис Родригес

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар