Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпті әрі жұқпалы: Ресейлік дәрігерлер коронавирустың жаңа штаммы табылғанын жариялады

Нью-Йоркте "йота" деп аталатын коронавирустың жаңа штаммы анықталды. Бұл туралы ресейлік БАҚ өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru-ға сілтеме жасап.

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Орал федералды округінің медициналық алдын алу жөніндегі маманы, медицина ғылымының докторы Сергей Токарев басылымға MedRxiv препаратының баспа порталындағы мақаласына сілтеме жасай отырып, коронавирустық инфекцияның жаңа штаммы туралы айтты. 

Токаревтың айтуынша, "йота" штаммының өлім көрсеткіші – 82 пайызға жетеді, әсіресе бұл 45 жастан асқан адамдар арасында және бұл басқа мутацияға ұшыраған түрлеріне қарағанда 25 пайызға тез таралады.

Токарев "йота" штаммының адамның иммундық көрсеткішімен санаспайтынын атап өтті. Бұл нұсқа басқаларына қарағанда патогенді және өте жұқпалы.

Медицина ғылымының кандидаты Николай Крючков, "йота" штаммы туралы мәлімет қазіргі таңда өте аз екенін қосты. Оның таралу қабілеті туралы айтуға әлі ерте дейді.

"Егер ол өссе, бұл басқа штамм түрлерімен сәтті бәсекелесуге мүмкіндік беретін эволюциялық артықшылықтардың бар екенін білдіреді" , – дейді Крючков.

Ол коронавирус "дельта", "лямбда" және "гамма" сызықтары бойында мутацияны жалғастырады және соның әсерінен олардан жаңа штаммдар пайда болады деп бағамдайды.

Талқылау