Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте полицей қызметін атқаратын Шымкенттік жігіт танымал боксер атанып кеткен

Димаш Ниязов АҚШ-қа 13 жасар кезінде отбасымен бірге көшіп кеткен. Димаш көшіп барған елінде бала күнінен білім алып полиця қызметін таңдаған. Сондай-ақ, Шымкент тумасы Қазақстанда тұрған кезінен бастап бокспен айналысқан екен. Бұл туралы STAN.KZ  сайты The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

шымкент1

Бруклиндіктер Димашты ешқашан жеңіліп көрмеген жас боксшы ретінде таниды. Ол шымкентте жүрген кезінде бапкер Нұрғали Сафиуллинның қолында жаттыққан.

Ниязовтың әкесі Бруклинге көшіп барған жылдары құрлысшы болып, анасы тауарларды орайтын жұмыста істеген.  Димаштың анасы Салтанат Жадраева түнгі уақытта медбикелікке оқыған. 13 жасар бала жаңа елде басында екі жылдай тек тіл үйренумен айналысады. Бастапқыда Қазақстаннан барған қандастарын қанша іздесе де таппаған. Тек алыстау штаттардан Ресейден көшіп барған балалармен араласады.

Ниязовтың өзі алғашында мамандық таңдауда анасының жолын қуып, үш жылдай медбикелікке оқыған. Кейіннен Димаштың қабілеті ұнаса керек оны полиция қызметкерін дайындайтын академияға шақырған.

Шымкент

Ол қазір бокспен тек жұмысынан босаған сәттерде ғана айналысады. 26 жастағы қазіргі америкалық Димаш кәсіби бокстағы тоғызыншы жеңісіне жақында ғана қол жеткізген. Шаршы алаңдағы оның қарсыласы жергілікті мықты боксшы Джеймс Лестер болған. Алты раундқа жеткен  кәсіби бокстағы жекпе-жек Ниязовтың жеңісімен аяқталған. Димаштың сөзінше қазір жергілікті халықтың арасынан оны қолдаушылар саны артқан. Суретке түсіп, қолтаңба сұрайтындар көбейіпті. Сондай-ақ, олар Димашты полиция формасында көрген кезде таң қалатындарын жиі айтады екен.

димаш33

«Спортпен айналысуға, жаттығуды жиі жасауға уақыт тапшылығы жиі кедергі  болады»,-дейді Димаш.

Димаштың сөзінше  Нью-Йоркте полицей қызыметін атқару өте жауапты әрі қауіпті. Дегенмен ол өзінің кезекшілігі кезінде қаруын бірде бір рет қолданып көрмепті.

димаш44

«Құдайға шүкір. Егерде күш қолдану жағдайы болып қалса, бокспен айналысқанымның көмегі тиеді деген сенімдемін. Қаруды қолданбауға тырысамын. Мысалы, әр полиция қызметкері бір минуттан кейін өзіне не боларын білмейді. Өте қауіпті, қастандық жасалынуы әбден мүмкін. Себебі біз  ережеге бағынбаған көлікті тоқтатудан бастап, түсініспеушілік болып қалған отбасына, әрине мүлдем таныс емес үйге кіріп баруға міндеттіміз. Онда өмірімізді қауіпке тіге отырып, таныс емес ортаға кіріп барамыз. Оларда қару бар жоғы тағы белгісіз болады»,- дейді Димаш Ниязов.

 

Талқылау