Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркта профессор әйелдерге ұрығын тегін беріп, 22 баланың әкесі атанды

Ари Нагель 40 жасында 22 баланың әкесі атанды. Балалардың үлкені кәмілеттік жасқа толған. Анығында, ол ұрықтаныруға қаражаты жетпейтін лесби жұптар мен жалғызбасты әйелдеріне өз ұрығын беріп балалы болуына көмектеседі.
140616_140227_02859_2

Сурет:  MIGnews.com

Ари Нагель ұрықтандыру жолын қарапайым жолмен де, құрал арқылы да жасай береді. Ол үшін ақы да сұраймайды екен. Ұрығын қара нәсілді әйелдерге де, ақ нәсілді әйелдерге де берген. Нью-Йорк университетінде математика пәнінен сабақ беретін профессор осылайша аналардың балалы болуына көмектескісі келетінін айтады.

Ол өз ұрығынан бала туған әйелдермен байланысты жоғалтпай, балаларын туған күнімен құттықтап барып тұрады. Тек олардың әрқайсысы АҚШ-тың әр жерінде Флоридада, Иллинойсе, Коннектикуте мен Израиль елдерінде  тұрады.

Бастапқыда тәжірибесі болмағандықтан одан босанған әйелдер аллимент төлеуін талап етіп, Нагель 5 балаға ақша төлеп келген. Енді қазір бұл мәселені алдымен шешіп алады екен.

Жіберіп алмаңыз:

Тыңдарманы Сайлаубектен ұрық доноры болуын өтінді

Ғалымдар жасанды ұрық жасап шығарды

Талқылау