Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йорк тұрғыны ішіне тышқан қосылып тігілген көйлек сатып алған

Нью-Йорктің 24 жастағы тұрғыны Кейли Физел Манхэттендегі Zara дүкендерінің бірін сотқа берді. Әйелдің сөзінше оған ішіне өлі тышқандар қосыла тігілген көйлекті сатқан.

full-1-1479231247

Бұл туралы Mirror хабарлайды.

Қыз көйлекті бір айға жуық уақыт киіп жүрген. Сосын барып үстінен біртүрлі иіс шығатынын байқайды. Алайда ешкім иістің нақты қай жерінен шығып тұрғанын анықтай алмай әлек болады. Көйлекті мұқият тінтіп шыққан Физел, киімнің ішінен тышқанның табаны шығып тұрғанын байқайды.

Осыдан соң әйелдің денсаулығынан тышқаннан келетін жұқпалы ауру да табылған. Әзірге қыздың сот арқылы қанша ақша өндіріп алмақшы болып жатқаны белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте екі баланың анасы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Ғасырдың медициналық жұмбағы: Пәкістанда ағайындылар кеш түскенде қозғала алмай қалады

Олар көзтартарлықтай сұлу: 12 қазақстандық жұлдыздың жүктілік кезі

Күйеуі әйелінің көзіне шөп салғанын квадрокоптердің көмегімен біліп қойған (видео)

Талқылау