Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йорк штатының тұрғыны өз есімін Дарт Вейдер деп өзгертті

Нью-Йорк штатының Канандейгуа қаласында орналасқан жаттығу залының иесі  Эрик Уэлч өзінің есімін ресми түрде Дарт Вейдер  («Жұлдызды соғыс» киносагасының кейіпкері) деп өзгертті

pic_5306b98eade02e4974fbaa49c4097d64

43 жасар кино жанкүйері өзінің бұл қылығын Вейдердің көшбасшылық қасиеттеріне деген құрметімен түсіндіреді. Жергілікті көлік жүргізу басқармасының – АҚШ-тағы  жеке басты куәландыратын негізгі құжатты беретін басқармасы  – өкілі де жаңа есімді бекіткен.

Басылымның жазуынша бұрынғы теңізші Дарт Вейдер қазір үнемі қара костюм киетін болған, арнайы демалу маскасын және кейіпкердің шлемін де шешпейтін болыпты.

Жаңа Вейдер бір отбасының асыранды баласы болған, 8 рет балалар үйін ауыстырып, 15 рет мектеп ауыстырған. Соңғы он жыл бойы лейкемия ауыруымен алысып келеді екен. Осы аурудың салдарынан оған ота жасап, жұлын миын ауыстыру керек, жігіт қазір ота жасату үшін ғаламторда ақша жинау үстінде.

Осының барлығына қарамастан Вейдер марафондардың белсенді қатысушысы. Жүгірген кезде ол үнемі противогаз бен Америка жалауын алып жүгіреді.

«Жұлдызды соғыс» («Звездные войны»)— режиссер Джордж Лукастың  фантастикалық  киноэпопеясы.

 

Талқылау