Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йорк әуежайында 30 келі кокаин тасымалдаған стюардесса ұсталды

Нью-Йоркте JetBlue авиакомпаниясының стюардессасы ұсталды, ол Калифорния штатында қол жүгін тексеру барысында 30 келі кокаинды тастап қашып кеткен.

1403944_20110827220048

Сурет: avia.pro 

Марша Гей Рейнольдс Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайдағы полиция бөлімшесіне өз еркімен берілді, деп хабарлайды АҚШ прокуратурасы.

Әлемдік БАҚ-тың жазуына қарағанда, Лос-Анджелес әуежайында әуе компаниясы қызметкерінің жүріс-тұрысы сезікті болған, қызметкерлері оны толық тексеруді ұйғарады. Рейнольдс тінту орнына келгенімен, сасқалақтап қол жүгін тастап қашып кеткен. Стюардессаға есірткі тасымалдағаны үшін айып тағылды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол қаладағы Бруклин ауданына қарасты сотта қаралады.

Талқылау