Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Автобуста болған жолаушы ғажайыптың күшімен аман қалғанын айтты (видео)

Бүгін таңертең елордада болған ауыр жол апаты кезінде автобуста болғандардың бірі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ол апаттан кейін оқиға орнын видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтандағы жол апаты: Автобуста болған жолаушы ғажайыптың күшімен аман қалғанын айтты (видео)

Facebook желісіндегі "Астана – Что? Где? Когда?"  парақшасында өзі түсірген видеоны бөліскен жігіт апаттан аман қалғандардың бірі. Ол апаттан ғажайып жағдайда аман қалғанын айтады.

«Автобуста отырдым. Алдыңғы жағымда отырған әйелдің үстіне автобустың алдыңғы бөлігі құлады. Тағы бір көлікке соғылған. Жедел жәрдем көлігі де соғылыпты. 

Білмеймін, шок болдым. Басыммен, тіземмен соғылдым. Қайтыс болған адамдар бар сияқты. Білмеймін. Меніңше, қайтыс болды. Басқа нұсқа жоқ», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.

 

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобус соқтығысып, жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көліктер соғылған еді. Апат салдарынан 2 адам көз жұмып, 36 адам зардап шекті.

ЖКО факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық және авто-техникалық сараптамалар тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау