БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: Зардап шеккендер үшін қан тапсырудың қажеті жоқ

Елордадағы Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында болған жантүршігерлік жол апатынан кейін әлеуметтік желіде зардап шеккендер үшін донорлық қан жиналып жатқаны туралы ақпарат тарады. Алайда Нұр-Сұлтан әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: Зардап шеккендер үшін қан тапсырудың қажеті жоқ

«Әлеуметтік желіде бүгінгі болған жол апатында зардап шеккен азаматтарға қан керек деген жалған ақпарат тарап жатыр. Ресми түрде барлық қажетті қан топтары мен дәрі-дәрмектер бар екенін айтамын», - дейді Эльвира Жүргенбаева. 

Сонымен қатар ол аталған оқиғаға қатысты жалған ақпарат таратпауын сұрады. 

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобус соқтығысып, жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көліктер соғылған еді. Апат салдарынан 2 адам көз жұмып, 27 адам зардап шекті.

ЖКО факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық және авто-техникалық сараптамалар тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр