Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтанда болған жантүршігерлік жол апаты кезінде түсірілген видео пайда болды (видео)

Бүгін, 26 наурызда, таңертең Нұр-Сұлтандағы Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Желіде апат кезінде түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтанда болған жантүршігерлік жол апаты кезінде түсірілген видео пайда болды (видео)

Желіде тараған видеодан екі автобустың бағдаршамның белгісіне тоқтап тұрғаны көрінеді. Осы кезде олардың артқы жағынан үшінші автобус пайда болып, ол тоқтай алмай,  алдындағы автобустардың біріне соғылды. Қатты соққыдан автобус алға жылжып кетіп, тағы бір қоғамдық көлікке соғылған. Апат кезінде жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік те соқтығысып қалыпты. 

 

Ауыр апаттың салдарынан 2 адам көз жұмды. Олардың бірі автобустың жүргізушісі болса, екіншісі – жолаушы әйел. Сонымен қатар тағы 27 адам зардап шекті. 

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы апаттан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді. Оның сөзінше, бүгінде 4 адам ауыр жағдайда жатыр. 

ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық және авто-техникалық сараптамалар тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр