Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның болашағын қалай елестететінін айтты

Бүгін өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеген Нұрсұлтан Назарбаев болашақта Қазақстанның қандай болғанын армандайтынын айтты. Қазақстан 2050 жылы жалпыға ортақ еңбек қоғамына айналады деп сенемін, дейді елбасы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекет басшысы еліміздің алдында ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Жетістікке жететінімізге сенемін, дейді президент.

«Мен Қазақстанның болашағын қалай елестетемін? Болашақ қазақстандықтар білімді, үш тілде сөйлейтін, еркін адамдардың қоғамын қалыптастыратынына нық сенімдімін.

Олар – әлемнің азаматтары. Олар дүниені шарлайды. Олар жаңа білім алуға құштар. Олар – еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.

Қазақстан 2050 жылы жалпыға ортақ еңбек қоғамына айналады деп сенемін.

Бұл – бәрі де адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет.

Оның білім саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік болады. Онда бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрады. Азаматтары еркін әрі тең құқылы, ал билігі әділетті болмақ. Мұндай елде заң үстемдік етеді.

Мен дұрыс жолмен келе жатқанымызға сенімдімін. Бізді тура жолдан ештеңе де тайдыра алмайды.

Егер біз күшті болсақ, бәрі де бізбен санасады.

Егер біз әлдеқандай күшке немесе басқа біреуге үміт артсақ, қол жеткізген жетістіктің бәрінен айрыламыз», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетсек, бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Президенттің міндетін уақытша Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау