Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті Рамазан айында ауызашар берді

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті Рамазан айының құрметіне дастархан жайып, ауызашар берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті Рамазан айында ауызашар берді«Бүгін Елбасы ауыз бекіткен жамағаттың құрметіне арнайы ақ дастархан жайып, ауызашар берді. Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымды, барлық қазақстандықты Рамазан айымен құттықтады», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter желісінде. 

Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті Рамазан айында ауызашар берді

Желіде жарияланған кадрлардан Елбасымен бір дастархан басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Қазақстанның бас мүфтиі Серікбай Қажы Ораздың отырғаны көрінеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті Рамазан айында ауызашар берді

2019 жылы қасиетті Рамаза айының алғашқы күні 6 мамырда басталды. Ораза 30 күнге созылады. 5 маусымда Ораза айт мейрамы басталады. 
 

Талқылау