Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Нұрсұлтан Әбішұлы — ұлы адам": Мәсімов Тұңғыш Президент жайлы кітап шығарады

ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов Парламент отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы кітап жазатынын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz басылымына сілтеп, Stan.kz хабарлайды. 

Карим Масимов "Нұрсұлтан Әбішұлы — ұлы адам. Ол туралы "Елбасы көмекшісінің көзімен" деген кітап жазамын, — деді Мәсімов. Оның сөзінше, кітап қызықты болады. "Беттері "жабық" қызықты кітап болады", — деді ҰҚК басшысы. 

Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімов 2016 жылдың 8 қыркүйегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болып тағайындалды. Ол 2003-2006 жылдар аралығында премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. 2007-2012 жылдары, 2014-2016 жылдары екі рет елдің премьер-министрі болған. Сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің жетекшісі атанған. Мәсімов өзінің президенттің көмекшісі екенін бірнеше рет айтқан. 

 

 

 

 

 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр