Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрлан Еспанов бір кездері әйеліне сабақ бергенін мойындады

Нұрлан Еспанов та бір кездері әншіліктен тыс жұмыс істеген. Ол орыс мектебінде мұғалім болған. Бір қызығы, өнер иесі өзінің болашақ жұбайын сол мектепте кездестіріпті. 

Нұрлан Еспанов

Бұл туралы 7-арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

"Мектеп қабырғасында істедім. Ән пәнінен сабақ бердім. Келіншегіме де сабақ бердім орыс мектебінде. Оны алып кеткеннен кейін, мектептегі сабағымды тастап кеткенмін ғой. Соған қарап жүрейін деп сол мектепке жұмысқа тұрған болатынмын", - дейді Еспанов.

Сондай-ақ, танымал сазгер өнер ордасында басшылық қызметтер атқарғанын жасырмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Майғазиев үйленген кезінде жұбайымен бірге дүңгіршекте нан сатқанын айтқан еді. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр