Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрислам Санаев келесі кезеңге өте алмады: Балуан Токио Олимпиадасының қола жүлдесіне таласады

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық белдесулерде қазақстандық Нұрислам Санаев жеңіліске ұшырады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап. 

күрес

Санаев финал жолдамасы үшін таласта үндістандық Рави Кумармен белдескен болатын. 

Тартысты кездесуді Нұрислам жақсы бастады. Ол қарсыласын бірнеше рет айналдырып, 9:2 есебімен алға шыққан. Бірақ бұл басымдықты ол соңына дейін сақтай алған жоқ. 

Белдесу кезінде Санаев аяғынан кішігірім жарақат алып, кейін үнділік балуан әдіске көшті. Нәтижесінде, Рави Кумар Нұрисламды таза жеңіп, финалға шықты. 

Енді Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола медалі үшін күреседі. 

Еске салсақ, бұған дейін балуан жапониялық спортшы Юки Такахашиді жеңіп, жартылай финалына шыққан болатын. 

Талқылау