Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Өз кірпішімізді қаладық": Нұр-Сұлтандық жұп некесін сайлау учаскесінде қидырды (фото)

Елордалық жұп Мирас Әбдірахман мен Жанель Бердалинова сайлау учаскесінде некесін қидырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

Alt

Жас жұбайларға неке туралы куәлік №35 мектеп қабырғасында орналасқан №147 учаскеде берілді. 

"Біз бір жерде жұмыс істеп, сол жерде таныстық. Содан бері бір жыл өтті. Екеуіміз де менеджмент саласының мамандарымыз", - деді Мирас Әбдірахман.

Alt

Жас жұбайлар өміріндегі ең маңызды күннің неліктен президент сайлауымен тұспа-тұс келгенін айтты. 

Alt

"Президент сайлауы болашақ пен тағдыр үшін маңызды сәт. Осы орайда біз де тарихқа өз кірпішімізді қалағымыз келді. Біз бірге дауыс беріп, кейін некемізді қидырдық", - деп қосты ол. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекетте үш сағат ішінде халықтың 12,8%-і дауыс беріп үлгерді. Түскі сағат он екіге дейін халықтың 35%-і дауыс берді.

Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-дегі жағдай бойынша елдегі сайлаушылардың 51,8%-і дауыс берді. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 66%-і дауыс бергені белгілі болды. Ал сағат 18:00 кезінде 72, 9% халықтың дауыс бергені хабарланды

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр