Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтандағы жатақханада өрт: Жауапты тұлғаға бұған дейін 200 мың айыппұл салынған

Нұр-Сұлтандағы өртенген жатақханада осыған дейін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау жағдайлары болған. Бұл туралы ТЖД азаматты қорғау полковнигі Орал Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

жатакхана

«Жатақхана 1974 жылы салынған. Дәліз тәріздес тұрғызылған. Бұл жатақхананың өрт қауіпі өте жоғары. Өйткені, қауіп-қатер деңгейінің талаптарына сәйкес жыл сайын азаматтық қызмет өкілдері тексереді. Былтыр сәуір айында тексергенде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға қатысты 10  бұзушылық анықталды», - деп айтты Әбдірахманов.  

Оның сөзінше, өрт қауіпсіздік ережелерін негізінен бұзу электр желілерін монтаждау және пайдалану барысында болған. 

«Осы бұзушылық бойынша «Нұржеңіс.кз-2008» ПИК басшысына тапсырма берілді. Осы нысан толық тексерістен өткізілді. Мемлекеттік инспекторлардың қойған талаптарын орындамағаны үшін материалдар сотқа берілді. Жатахқанаға жауапты заңды тұлғаға 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп айтты ол.

ТЖД өкілінің мәліметінше, жатақханада шамамен 37 пәтер болған.

Естеріңізге сала кетсек, өрт сөндірушілердің барлық іс-қимылы жатақхананың жоғарғы қабаттарынан үш бағаналы, 3 шабуыл сатысы, құтқару арқандары және АЛ-30 көмегімен адамдарды құтқаруға бағытталды. Сондай-ақ зардап шеккендерді іздестіру үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары қосымша жұмылдырылды.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдары негізінде 32 адам құтқарылды, оның ішінде 28-і бала. Өрт толығымен сөндірілді.

Өрт сөндіруге жеке құрамнан 66 адам және Өрт сөндіру қызметінің 18 техникасы жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр