Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтандағы автобус апаты: Полиция марқұм болған жүргізушінің есінен танып қалғанын айтты

Осы жылдың наурыз айында елордада ірі апатқа ұшыраған автобус жүргізушісі апат кезінде ессіз күйде болған.

Нұр-Сұлтандағы автобус апаты: Полиция марқұм болған жүргізушінің есінен танып қалғанын айтты

Бұл туралы брифингте жол-көлік оқиғалары мен астаналық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мұқанов мәлімдеді.

"Қылмыстық іске қатысты сараптама тағайындалды. Жүргізушінің жүрек ырғағының өткір бұзылу белгілері анықталды. Бұл ішкі ағза мүшелері мен мидың қанайналымының жұмысына кері әсер етіп, есін жолтуға әкеп соқты  Бұл сараптама кезінде анықталды", - деді Нұрлан Мұқанов.

Мұқанов сондай-ақ екі адам қайтыс болған және отыздан астам жарақат алған осы апаттың тергеуінің неге әлі аяқталмағанын түсіндірді.

"33 адам жарақаттанды, оның ішінде алты адам ауыр дене жарақатын алды. сараптама медициналық құжаттар негізінде жүргізілуде, себебі адамдар сотқа арызданбақ. Осыған байланысты олардан медициналық тарихы сұралды. Сараптама тағайындалды", - деп түсіндірді ол.

Нұрлан Мұқановтың айтуынша, 26 маусымға дейін бұл іс бойынша тергеу аяқталады.

Естеріңізге сала кетейін, жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды. Бірі  автобус жүргізушісі Абай Оспанов, екіншісі  елордада жұмыс істеп жүрген 26-дағы Айзат Нұрекенова. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр