Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда “Дикий Арман” лақап атымен белгілі қылмыстық топ белсендісі ұсталды: Полиция түсініктеме берді

Нұр-Сұлтанда “Дикий Арман” лақап атымен беделі артқан қылмыстық топ басшысының ұсталғаны жайлы видео әлеуметтік желіде таратылуда. Полиция профилактикалық әңгіме жүргізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арман Жұмағелдиевке ұқсайтын адамның суреттері Instagram парақшаларында пайда болды. Желідегі ақпаратқа сәйкес, онымен қоса "Алиба Семский” аталатын қылмыстық топ өкілі ұсталған.

"Елорданың элиталық мейрамханасында отырған жерінен оларды арнайы жасақ қызметкерлері үстінен түскен. Олардың барлығы алдын алу шаралары үшін полиция бөліміне жеткізілді", – делінді видео жазбасында.

Oinet.kz сайты тәртіп сақшыларының бір топ адамды ұстап жатқанын көрсететін видео жариялады. Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға түсініктеме берді.



"Ойын-сауық мекемелерінің бірінде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде полиция қызметкерлері алты адамнан тұратын бір топ адамды ұстады. Барлық тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полиция департаменті тұрақты негізде қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде жедел профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді", – деді полицияда.

 

 

Талқылау