Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда Айт намазын мешіттерде оқуға тыйым салынды

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігер Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

құрбан айт

"Мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде "Айт намазы" ұжымдық намазын өткізуге тыйым салынсын. Және "Құрбан айт" мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды өткізуге және қатысуға, оның ішінде үйде де өткізуге тыйым салынсын", – деліген қаулы мәтінінде.

Құрбандық шалу рәсімін qurban2021.kz сайты арқылы онлайн режимде күшейтілген шектеулерді сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, міндетті түрде бетперде кию мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы мал сою пункттерінде ұйымдастыру қажеттігі айтылған.

Құжат мәтінінде қаулыны Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы, Нұр-Сұлтан қаласының діни істері басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының діни бірлестіктерінің басшылары, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары басшылыққа алу керектігі айтылған.

Талқылау