Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Тұтовтың әйелі қызының кемістігінен бекер намыстанғанын айтып, одан кешірім сұрады

Жуырда Нұржан Тұтовтың отбасының көп жылдан бері жұрттан жасырған құпиясы ашылды.

image

Фото: vk.com/id100785421

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Сахнада үнемі күлімсіреп жүретін Нұржан Тұтовтың отбасылық құпиясы ашылды. Жұбайлар 20 жылға жуық уақыт жұрттан қыздарының кемістігін жасыруға тырысқан. Алайда Әйгерім Тұтова жуырда Польшада қазақтың көк туын желбіретіп, есімі көпшілікке танылды. Құлағы нашар еститін балалар ән байқауына қатысып, бірінші орынды иеленді. Осы сәтте анасының қуанышы қойнына сыймаған екен. Ол осы күнге дейін қызының кемістігінен бекер ұялғанын айтып, одан кешірім сұрады.

“Қызым бір жасқа дейін жақсы дамып, артынша қатты ауырды. Дәрігерлер түрлі антибиотик салып, құлағы естімей қалды. Алты жасынан бастап аппарат тағып, мектепке барды. Сыныптастары тиісіп, тіпті аппаратын жұлып лақтырып жіберетін. Естімегені үшін құрбылары кемсітетін. “Маған ешкім жоламайды” деп өзі де жылап келетін.

Ата-ана болған соң жас та болса, құлағы естімейді деп намыстанасың. Сөйтіп балаңның мүгедек екенін ешкімге көрсетпеуге тырысасың. Бірақ жақында Варшаваға барған кезде бұл әрекетім үшін қатты өкіндім. Неге баламның жолын өз қолыммен жаптым деп ойладым”, – дейді Гүлшат Тұтова.

Десе де, бұл отбасының жағымды жаңалығы бар. Жұрттан жасырған Әйгерімдері жуырда Польшада өткен байқауда бірінші орынды иеленді. Аталған байқауға 150 бала қатысуға ұсыныс жіберіп, ішінен тек 32-сі шақырту алған. Артынша бір күндік тыңдалымнан кейін 10 ғана сайыскер қалған. Олардың арасында отандасымыз да бар. Гүлшат Тұтова бұл жетістіктің өздерінің танымалдылықтарына еш қатысы жоқ екендігін айтады. Бар болғаны, мұны қажырлы еңбектің арқасы дейді.

“Жеті жасымнан есту қабілетінен айырылып, кейін бұлай болмас деп түбегейлі өзгеруді жөн көрдім. ҰБТ-ға дайындалып, мұғалімдерді жақсы естуім керек болды. Тіпті бірінші қатардың, бірінші партасында отырғанның өзінде естемей қиналып кететінмін. Кейін кохлеарлы имплант жасатқан соң барлығы өзгере бастады.

Мені бір жыл бойы тынбай түрлі дәрігерге апарған анашыма рахмет. Бастапқыда дауыссыз дыбыстар мен құстардың үнін анық ести бастадым. Алыстан естілсе де, рахаттанып қаласың”, – дейді Әйгерім Тұтова.

Өнерде жүрген әке-шешесі Әйгерімге Жүргенов академиясына түсуге тыйым салған екен. Бүгінде олар бұл әрекеттері үшін өкініп қалғандай. Ал бойжеткен жеңісін Қазақстандағы барша құлағы естімейтін балаларға арнайтынын жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Қытайдан келген ару «Қазақ дауысы» халықаралық ән байқауының жеңімпазы атанды

Алматыда Мәдина Ералиеваның шығармашылығына арналған ән байқауы өтті

Қазақстандық сәнбике Miss FashionTV-2016 байқауына қатысып жатыр (фото)

Сұлулық байқауы жеңімпаздарының сахна мен шынайы өмірдегі бейнелері (фото)

Талқылау