Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Төлендиевтің екі жылдан бері салық төлемей келгені белгілі болды

Шымкентте қарызы ең көп адамдар саясаткерлер мен әртістер. Мемлекеттік кіріс істері қалалық департаментінің мамандары осылай деп отыр.

Саясаткерлер мен әртістердің қарызы жүз мыңдап саналады. Бұл жолы тек ескерту жасады. Егер қарыз өтелмеген жағдайда, әкімшілік шара қолданады, деп жазады Отырар.

 

Әліз-сықақшы, қоғам мәселесін келеке етіп жүрген Нұржан Төлендиевтің өзі фельетон кейіпкеріне айналуы мүмкін. Бүгінде оның мемлекетке 147 мың теңге қарызы бар. Жеке мүлік пен жер салығын төлемегендер соңғы жылдары көбейіп кетті.

“Тараз” ықшамауданының тұрғыны Нұржан Төлендиевтің қарызын тексердік. 2017 жылдан бері оның 146 мың 866 теңге қарыз екені анықталды. Бұл жолы осы соманы өтеу туралы ескерту жібердік. Бұған дейін де электронды түрде хабарлама жібергенбіз. Бастапқыда , бес күн, кейін бір ай күтеміз. Сосын сот орындаушыларын араластырамыз”, – дейді Шымкент қаласы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының бас маманы Мейрамбек Бексұлтанов.

Одан бөлек тағы бір зәулім үйдің иесі мемлекетке қарыз. Көршілері ол үйдің бос тұрғанын, онда саясаткер тұратынын айтты. Қазір Астанада жұмыс істеп жатқан көрінеді.

“Тараз” ықшамауданында тұратын салық төлеуші Данияр Псебаев жеке мүлік пен жер салығы үшін 213 мың теңге қарыз. Ескерту жібердік. Материал сот орындаушыларына жіберілді. Бұл 2017 жылдан бері төленбеген қарыз”, – дейді МКБ бас маманы Диас Шәріп.

Шымкентте абыройлы саналатын бұл ықшамауданда қарызы төленбеген байлар жетерлік. Өңірде жүз мыңдап қарызы бар 20 үй иесі бар. Олар салық төлеуге асығар емес.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау