Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Керменбаевтың “Кешью” тобының экс-әншісімен бірге Түркияда жүргені белгілі болды

Танымал әнші Нұржан Керменбаевтың экс-кешьюлік Сара Амангелдімен бірге Түркияға кеткен белгілі болды. Бүгінде олар Кападокия қаласында жүр. Олардың жолдары тоғысуына сезім емес, шығармашылық сеп болыпты.

Нұржан Керменбаевтың "Кешью" тобының экс-әншісімен бірге Түркияда жүргені белгілі болды

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасының Instagram-парақшасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сара Амангелді «Кешью» тобынан кетсе де, шығармашылық жолда тоқтап қалмақ емес. Бұған дейін әнші Нұржан Керменбаевпен «Доғар» атты әніне бейнебаян түсіріп, көпшілік назарына ұсынған еді.

Бүгінде қос әнші кезекті туындысын таспалауға кіріскен. Олар бейнебаянның жалғасын Түркияның көрікті мекені Кападокияда таспалауды жөн санапты.

Әзірге қос өнерпаз да жаңа туындысы туралы жақ ашпай отыр. Тіпті Түркияда бірге жүргендерін де жасырып қалғысы келген тәрізді. Себебі екеуі де желідегі парақшасында Кападокияда жүрген суреттерін жариялағанымен, бірге түскен суреті жоқ.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау