Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Керменбаев Мұхамеджан Тазабекке ұлының тұсауын кестірді (видео)

Нұржан Керменбаевтың шаңырағында дүбірлі той. Әнші кенже ұлы Омардың 1 жасқа толуын атап өтті. Сонымен қатар, ол баласының тұсауын кестірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұржан Керменбаев Мұхамеджан Тазабекке ұлының тұсауын кестірді (видео)

“Құрметті ағайын, Нұржан Керменбаевтың отбасында керемет той. Ұлы Омар 1 жасқа толып жатыр! Алла ұзақ ғұмыр нәсіп етсін. Тойларың тойға ұлассын!” – деп әріптесінің қуанышын жеткізді Салтанат Бақаева.

Кішкентай Омардың тұсауын белгілі ақын, “Асыл арна” телеарнасының басшысы Мұхамеджан Тазабек кесті.

Айта кетейік, Нұржанның екі бірдей атұстары бар. Тұңғышы Мүсілім 2015 жылы дүниеге келген. 2016 жылы тұңғышына арнап той жасаған Нұржан оның тұсауын әнші Сәкен Майғазиевке кестірген болатын. Нұржан жұбайы Назеркемен гастрөлдік сапар кезінде концерттердің бірінде танысқан.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау