Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Айдарбеков кенже ұлы туралы: Ол Қайрат сияқты емес

Нұртас Айдарбеков кенже ұлы Заңғардың өнеріне қатысты пікір білдірді. Ол Заңғардың Қайратқа ұқсамайтынын айтып, оның басқа ұлдарына қарағанда әлдеқайда білімді екенін мәлімдеді.

Нұртас Айдарбеков кенже ұлы туралы: Ол Қайрат сияқты емес

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Ал Құдай, аузыма сал Құдай” деген мақал бар еді. Құдай өзі сақтасын. Жас қой ол әлі, көрсін. Бақыты ашылып, талабына нұр жауып жатса, оны да қолдаймын. Анасы екеуміз қос қолдап қолдаймыз. Ал болмай жатса, өзінің тағы да мамандығы бар”, – дейді Нұртас Айдарбеков.

Десе де, Нұртас мырза кенже ұлына көп үміт артады. Әкесінің пайымынша, болашақта бизнесті дөңгелетіп, отбасын асырауға Заңғардың білімі де, мүмкіндігі де жетеді.

“Қайрат дүниеге келген жерде ол бала да дүниеге келген. Бірақ енді толықтай Қайраттың бойындағының бәрі ода бар деп айта алмаймын. Оның білімі бар. Қытайдың Бейжің қаласында оқып келген. Үш баламның ішінде осы кенжемнің білімі жақсы деп аузымды толтырып айта аламын”, – дейді Қайрат Нұртастың әкесі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау