Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбайдың ұлы режиссер болудан бас тартты

Танымал режиссер ұлының болашақта кім болғысы келетінін айтты. Мұнымен қатар, күз айларында қазақстандықтарды жаңа туындысымен қуантатынын жеткізді.

17596103_1393813740676933_1146034533137645568_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Нұртас Адамбай әлеуметтік желі арқылы түрлі қағытпа әзілдерін бөлісіп отырады. Бұл жолы ол ұлымен арада болған диалогын ұсынды. Ол төмендегідей өрбіген-ді:

– Балам, режиссер болғың келе ме? Болашақта кино түсіресің бе?

– Жоқ, әке. Мен болашақта мерген боламын.

– Дұрыс, балам.

Желі қолданушылары өз кезектерінде күлкіге қарық болғандарын жазып жатты. Көпшілік жоғарыдағы диалогтың режиссердің жаңа туындысына қатысы бар деп болжады. Жуырда ол комедия жанрындағы фильмді түсіруге кіріскенін айтқан-ды.

“Қандай комедия түсіретінімді анықтадым! Құдай қаласа, күзде шығады” дейді режиссер. Ал желі қолданушылары өз кезектерінде туындыны асыға күтетіндерін жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Жолдыбаевалар: Ашық-шашық киім – бар болғаны біздің образымыз

Аша ана атанған соң Арман оның жұмыс істеуіне тыйым салды

Қайрат Нұртастың жары отбасылық суреттерін жария етті (фото)

Димаш Франция телеарнасынан шақырту алды

Талқылау