Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбайдың фильмі америкалық фестивальде 3 жүлдеге ие болды

Белгілі актер әрі кинорежиссер Нұртас Адамбай кино саласында тағы бір жетістікке жетті. Адамбай түсірген “Лифт” фильмі Америкада өткен кинофестивальде үш бірдей жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Нұртас Адамбай

“Ура! Сүйінші! Біздің “Лифт” атты картинамыз Лос-Анджелесте өткен халықаралық “Genrecelebration 2018” фестивалінде 3 жүлдеге ие болды. “Үздік драмалық фильм”, “Үздік режиссура” және “Үздік операторлық жұмыс”, – деп қуанышымен бөлісті Адамбай.

Дәл осы фестивальде осыдан екі жыл бұрын “Тараз” фильмі де жүлдеге ие болған еді.

Адамбайдың айтуынша, фестиваль ұйымдастырушлары картинаны Америкада көрсетудің жолын қарастырмақ.

“Себебі олар америкалық көрермендерге фильмнің ұнайтынына сенімді”, – дейді Нұртас.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау