Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай тағы да психологиялық триллер түсірмек

“Тараз” фильмінен кейін Нұртас Адамбайға психологиялық триллер түсірген ұнап қалған сыңайлы. Кинорежиссер жаңа туынды түсіретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

адамбай лифт

“Лифт” деп аталатын фильмнің түсірілім жұмыстары ақпан айында басталады. Бұл туралы Адамбай өзінің желідегі парақшасында жазды. Бұдан бөлек, ол алғаш рет өз фильміне өзінің актер ретінде қатыспайтынын мәлімдеді.

“Кинокартина жанры – триллер элементтері кездесетін психологиялық драма болмақ. Қызықты әрі терең мағыналы кино шығады деп үміттенемін. Бұған дейін дәл осылай ұзақ уақыт бір сценарийді жазған емеспін. Бұл жобаны тоқтатқым келген де уақыт болды, алайда оның желісін ойға алған кезде “Лифттің” дүниеге келуі керек екенін түсіндім. Бұл ретте драманың коммерциялық туынды емес екені де онша маңызды емес. Әртүрлі бағытта кино түсіргің келеді.

Бұл фильмнен мені көре алмайсыздар, есесіне режиссердің орындығында отырып түсірілім жұмыстарын толықтай бақылай аламын. Айтпақшы, ол үшін креслоға тапсырыс беру керек”, – дейді Нұртас Адамбай.

Бұдан бөлек, ол “Мен – тоқалмын” деп аталатын комедия түсіретінін мәлімдеді. Түсірілім жұмыстары алдағы жазға жоспарланып отыр.

“Шынымды айтсам, комедияны сағындым. Драма – жұмыс, ал комедия – демалыс іспетті”, – деп түйіндеді сөзін Адамбай.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева жеке өмірінің құпиясын ашты

Ернар Айдар: Намаз оқыса да, ата-анасын сыйламайтын жастар бар

Қытайлардың Димаш туралы түсірген қалжың видеосы әлемге тарап кетті (видео)

Роза Әлқожа жылқы қағып жол апатына түскен (фото)

Талқылау