Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай: Өзіңіздікі рас болса да, ер адаммен сөз таластырмаңыз

КВН-ші, режиссер, сценарийші, актер – оның бірнеше мамандығы бар. “Сәбина келін” атты туындысы көпшіліктің жүрегін жаулап үлгерді. Нұртас Адамбай Рandaland журналына берген сұхбатында өзіне жігерсіз жар керек еместігін айтып, жаңалықтармен бөлісті.

2d4baab57fa438ad2cc1f07e115f54c5-big

Қандай жұмыстар атқарып жатқаны туралы сұраған алғашқы сұраққа “Өздеріңіз білетіндей, 17 наурыз күні “Сәбина келін” фильмінің екінші бөлімі көрерменге жол тартады. Біз оның қалай шыққанын өз көзімізбен көрдік, бұл тамаша дүние. Екінші бөлімі алғашқысынан артық болмаса, кем емес. Жыл соңына қарай “Тараз” атты боевик түсіреміз. Ол жерде комедиялық ешнәрсе болмайды, барлығы қылмысқа қатысты” деп жаңалықтарымен бөлісті.

Қызметте әріптестерінен бөлек, жұбайы да көп қолдау көрсететін көрінеді. Мұны келесі сөздерінен-ақ байқауға болады. “Маған дәл қазір барлық жағынан көмек көрсететін әйел керек. Маған тыл құрастыратын. Дәл қазір мен көп жұмыс істеймін, маған киномен айналысқан ұнайды. Әрі осы жұмысымды қатты жақсы көремін. Маған өзінің ғана жағдайын ойламайтын әйел керек. Жігерсіз біреу емес, керісінше маған барлық істе қолдау көрсететін жан”.

image

1451979350pen0r

Ары қарай журналистің “Отбасын құрған соң өміріңіз қалай өзгерді?” деген сұрағына “Мен сабырлы бола бастадым. Бұрын қалай десек те көп істе алаңғасарлық танытатынмын. Жауапкершілік те жоқ болатын, ал қазір мен жарым мен балаларымды ойлаймын. Жарым маған реалист болып, сағым сынған кезде қайта тұрып жүре білуді үйретті. Жалпы алғанда біздің отбасылық өміріміз – менің жарым құрастыратын тыныш айлақ. Маған да дәл осы нәрсе керек. Басқа біреу болса, бір шаңырақтың астында бірге тұра алмайтын едік” деп мамандық пен жар таңдауда еш қателеспегенін жеткізді.

e3dfe7025e828ac44ca78f1a913b8036-small

17436

Жарынан көп қасиетті үйренген актер “Сәбина келіннен де” көп нәрсе алған болар деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда Нұртас мырза мұны теріске шығарды.

“Мен оларды онсыз да түсінетінмін, сондықтан осы образды жасап шығардым. Бұл – бір әйелдің бойына бірнеше адамға тән артықшылықтар мен кемшіліктерді сыйдырған жиынтық образ. Десе де, Сәбина образы маған әйел болып көруге мүмкіндік берді. Мәселе олардың үй шаруасында көп жұмыс атқаратындығында емес, расымен де дүниеге әйел болып келудің қиындығында. Түсірілім барысында маған 40 минут бойы грим жасады: кірпік жабыстырып, бетіме опа жақты, басыма жасанды шаш пен туфли кигізді. Сіздер мұның барлығын қалай ғана киесіздер! Сондықтан маған хабарласып, Сәбина келіннің тойға келуін өтінген кезде, көп ақша беретіндіктерін айтса да, мен бас тартамын. Бұл менің қаталдығымнан емес, мен бар болғаны өзімді гриммдеп жатқанын елестетемін. Осылай жасағанның өзінде өзімді жайсыз сезінемін. Сәбина – ол фильм кейіпкері, мен оны шынайы өмірге шақырғым келмейді”, – деп дүниеге әйел болып жаратылудың расымен де қиын екенін жеткізді.

14490526324921

pobeg_iz_aula_operaciya_mahabbat-2717-232_ru

Бұдан өзге “Ақылды болыңыздар, өздеріңіздікі рас болса да, ер адамдармен сөз таластырмаңыздар. Аз күтсеңіздер, барлығы өздеріңіз күткендей болады. Әйел адамның бойында шыдамдылық, даналық, сабырлық пен махаббат сынды қасиеттер болуы тиіс. Егер осылардың біреусі жетіспесе, ер адамдар өзін жайсыз сезінеді”, – деп қыз қауымын барынша сабырлы болуға шақырды.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Нұртас Адамбайдың олимпиада формасын әжуалағаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау