“Сәбина келін 2” фильмінде оның күйеуіне таласатын қарсыласы пайда болады

Сәрсенбі, 17 Ақпан , 2016 16:13

“Сәбина келін” фильмінің жалғасы қызықты оқиғаларға толы болмақ. Адамбай 17 наурызда аталған фильмінің екінші бөлімі жарыққа шығатыны және оның қысқаша сюжеті туралы инстаграмдағы парақшасында жазды.

1

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Көптің көзайымына айналған Сәбина келін “Жүгері” ауылында өзінің жаңа отбасымен бақытты ғұмыр кешіп жатыр. Ата-енесімен, сүйген жары Жәнібекпен, жақын құрбысы Алтыншашпен қарым-қатынасы да жақсы.

2

Өзінің құрбыларына көмек көрсетіп, олардың отбасындағы қиындықтарын шешуге көмектесіп жүр. Барлығы бірігіп ашық аспан астындағы кинотеатр, дайвинг орталық, спа салон, тіпті психологиялық көмек көрсетін қызмет орталығын ашты.

Күндердің бір күнінде ауылға келіндердің келіні “Құдағи” келеді. Ол кісінің көңіліне толықтай жақпаса да, Сәбина келін міндетімді орындай алмадым деп еш қынжылмайды. Өйткені ол дәл қазір шаңырағын айрандай ұйытып отырған жар.

3

Осылайша “Жүгері” ауылындағы қарапайым тіршілік өзінің жалғасын табады. Бастапқыда Сәбина мен Жәнібектің бақытына Мади есімді сымбатты пошташының өзі де кедергі жасай алмайтындай көрінеді. Алайда екі жасты алда бұдан өзге де қиындықтар күтеді.

Сәбина жаңа қиындықтарға төтеп бере ала ма? Жәнібек екеуінің махаббаты қаншалықты баянды болмақ? Ал Қарлығаш Мұхамеджанова сомдайтын кейіпкердің пайда болуы тату-тәтті өмірлеріне қандай әсерін тигізеді?

Осы және бұдан басқа да қызықтар туралы қазақстандықтардың барлығы дерлік сүйіп көрген фильмнің жалғасынан көресіздер.

Сәбина келін сіздерді де сағынды!

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Нұртас Адамбайдың шынайы Сәбинамен жолыққаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар