Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай: Бекмамбетовтың мақтауынан кейін өзімді бестік алған оқушыдай сезіндім

Нұртас Адамбай әріптес ағасының өзін мақтағанына ерекше қуанғанын айтты. Алдағы уақытта режиссер Тимур Бекмәметовпен бірге жаңа жобаны қолға алуы мүмкін.

16906727_231264844004187_2533998183147634688_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Нұртас Адамбай әлеуметтік желідегі парақшасында Тимур Бекмәмбетовтың өзі туралы пікірін бөлісті. “Мен онымен бірге өзі қалаған кез келген жобаны бастауға әзірмін. Меніңше, ол өте талантты актер. Біз түрлі жобаларды ақылдасамыз. Алдымен, ол өзінің жаңа туындысын аяқтап алсын”, – дейді Тимур Бекмәмбетов.

Режиссер осы пікірдің өзіне ерекше әсер еткенін айтты. Өзін бестік баға алған оқушыдай сезініп тұрғанын да жасырмады. Осы уақытқа дейін Нұртас Адамбай Тимур Бекмамбетовтың кино билетеріне қатысты пікіріне қарсы шыққан-ды.

“Мен мақтанғанды ұнатпаймын. Сіздер де мен туралы осындай ойдасыздар деген ниеттемін. Алайда менің жұмысымды дәл осылай жоғары бағалағанына қуанып отырмын, достар! Бұл маңызды экзаменнен бестік баға алып, бұл туралы үйдегілерге айтуға асығумен бірдей болып отыр. Маған Тимурдың “Мен сені әрдайым қолдауға дайынмын!” деген сөздері ұнап қалды. Мен әлемдік деңгейге көтерілген қазақстандық режиссердің отандастарына қол ұшын созуға әзір екенін көріп қатты қуандым!

17934497_210145952811668_9170908294074597376_n

Оның үстіне, өткен жылы Тимурдың қазақ киносына билетті арзандатуына қатысты өз ойымды білдірген болатынмын. Сол сәтте жұрт мені орынсыз сын айтты деп ойлады. Мен оның ақылды адам екенін білдім. Мұнымен қатар, оның ақылды адам екеніне, сынымды дұрыс түсінетініне сенімді болдым. Пікір-талас барысында шындықтың сыртқа шығатыны рас. Артынша маған Тимур мырзаның көмекшісі хабарласып, кездесуге шақырды. Осының өзі оның қандай адам екенін көрсетті.

Мен онымен кездесіп, өзімнің идеяларымды айттым. Ол өз кезегінде пікір білдіріп, менің әр сөзіме құлақ асты. Өзіңді түсінетін адаммен сөйлескен сондай жақсы. Алдағы уақытта қызықты жобаны бірге жасаймыз деген үміттемін”, – дейді Нұртас Адамбай.


Жіберіп алмаңыз:

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Рианнаны емес, Димашты таңдаймын

Елбасының Димашты қабылдап батасын берген видеосы жарияланды (видео)

Димаш Құдайберген Ассамблея сессиясында сөз сөйледі

Димаштың концертіндегі журналистермен төбелескен күзетшілер жұмыстан қуылды

Талқылау