Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап кино кешін ұйымдастырды

Режиссер әрі актер Нұртас Адамбай балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап кино кешін ұйымдастырды. Ол өзінің әріптестерімен бірге балалармен кездесіп, оларды кинотеатрға «Келінка Сабина 2» фильміне алып барды.

14474046_1583636365277644_5576826635115560960_n

«Қуанышқа кенелген 66 бала. Өткен жұмада «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілерін «Келінка Сабина 2» фильміне алып бардық. Осы кешті фильм бас кейіпкерлерімен бірге өткізуге балалар қуана-қуана келісті. Шыны керек, кішігірім мерекені балалар үшін ұйымдастырдық, алайда кинотеатрға келген кезде бұл шараның біз үшін мереке екенін түсіндім», – деп жазды Адамбай желідегі парақшасында.

Одан кейін қоғамдық шаралардан қалмайтын белсенді режиссер жақсылық жасау үшін міндетті түрде жоғары лауазымды азамат болудың қажеті жоқ екендігін атап өтті.

«Жүздері қуаныштан бал-бұл жайнаған балаларға қарап, игі іс жасау үшін ел танитын қоғам қайраткері немесе олигарх болудың қажеті жоқ деген ойға қалдым. Мәселен, осы кешті ұйымдастыру бізге қиын болған жоқ», – деп жалғады сөзін ол.

Айта кетейік, балалармен кездесуге Нұртас Адамбайдан бөлек, танымал кино жұлдыздары Қарлығаш Мұхамеджанова, Айнұр Ілиясова, Жан Ізбасар келген. Адамбай алдағы уақытта осындай іс-шараларды жиі ұйымдастыруға тырысатынын айтты.

Жіберіп алмаңыз: 

Нұртас Адамбай боксшы Тищенконы «шовинист» деп атады

Нұртас Адамбай елге «жұбайын» көрсетті (фото)

Ұстазы Мейрамбектің жастай «қайын ата» атануының себебін түсіндірді

Асхат Тарғын бұрынғы әйелімен қызғаныштың кесірінен ажырасқанын айтты

Кәріс қыздарына Ninety one тобы ұнамай қалды (видео)

Талқылау