Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Туристке бір теңге салатын болсаң, ол Қазақстанға он теңге пайдасын әкеледі

Ақмола облысына қарасты Бурабай демалыс аймағында сұхбат берген Нұрсұлтан Назарбаев болашақта Астана мен Бурабайды жалғау үшін шағын авиация мен тікұшақ қатынасы дамиды деген пікірін жеткізді.

20160715215556

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Қазір Астана маңында үлкен агломерация қалыптасып келеді. Іс жүзінде, елорда мен курорттық аймақ арасындағы қашықтық қысқаруда. Болашақта шағын авиация ұшып, тікұшақ көлігі дамиды деп ойлаймын. Мен Астананы салу барысында табиғат жағдайы келмейді дегенге қарамастан, оның айналасына ағаш отырғызу міндетін қойдым. Бүгінде көріп отырғанымыздай, Астананың маңына 73 мың гектарға ағаш егілді, бұл Бурабай аумағымен бірдей. Қазіргі уақытта екі аймақтың орман алқаптарын біріктіру міндеті қойылды, бұл жұмыстың жартысы атқарылды”,-дейді Президент Н.Назарбаев.

“Еліміздің осындай әдемі-әдемі жерлерінде көп жұмыс жүргізу керек. Әрине, бұл тиісті қаражатты қажет етеді.Қазіргідей қиыншылық жағдайды ұмытпаймыз. Дегенмен, әрбір келетін туристке бір теңге салатын болсаң, ол Қазақстанға он теңге пайдасын әкеледі. Сондықтан, туризмге қаражат салып, Қазақстанның әр түпкірінде туристерге жағдай жасауымыз керек. Ол жергілікті әкімдіктердің де міндеті, мемлекеттің де міндеті. Бұл істі бастау үшін алдыменен осындай Бурабай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы сияқты жерлерде бірнеше жақсы туристік пункт салып, халықтың назарын аудару керек”,-деп түйіндеді сөзін ҚР Президенті.

Талқылау