Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген америкалық боксшыны нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (4-0, 3 КО) Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында (АҚШ) айқасып, жеңіске жетті.

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Ол америкалық Эрик Мунмен (7-0, 6 КО) жекпе-жекке түскен.

Алты раундтық жекпе-жекте Нұрсұлтанов қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберді.

Бұл қазақстандық былғары қолғап шеберінің кәсіби бокстағы бесінші жеңісі. Ал Мун спорттық карьерасында алғаш рет жеңіліс тапқан екен.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық Жансая Әбдімәлік шахматтан әлем чемпионы атанды

Денис Тен Шанхайда өткен турнирде қола медальді еншіледі 

Бокста алғаш рет нокаут алған спортшы көз жұмды

Қазақстан құрамасы джиу-джитсу бойынша Әлем чемпионатында екі қола және күміс жүлдеге ие болды

Талқылау