Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси мақаласы жарияланды

6 қаңтарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы жарияланды.

- 2014, 1 17.01.14

Онда Назарбаевтың осыған дейінгі мәлімдемелері топтастырылып, қаңтардан іске аса бастаған «5 институттық реформа – 100 нақты қадам» ұлт жоспарының» негізгі тұстары түсіндіріліп шыққан.

Назарбаев қаңтарда 59 жаңа заң күшіне енгенін айтып, мемлекеттік қызметшілердің енді меритократия ережесімен, яғни біліктілігі және тәжірибесі ескеріле отырып өсетінін жазған. Қызметке орналасу енді төменгі лауазымнан бастауды талап етеді және кейбір орындарға келісімшартпен шетелдік менеджерлер де шақырылатын болады. Мемлекеттік қызметшілер үш жыл сайын біліктілік арттырып отырады.

Мұнан басқа Назарбаев «сот төрелігінің үш буынды жүйесіне өтетінін» жазған. Ол «Апелляциялық және кассациялық инстанциялар ғана қалады. Сот залдары аудио және видео аппаратурамен жабдықталады және жазбаларды редакциялауға мүмкіндік берілмейді» дейді.

Талқылау