Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық БАҚ-қа берген сұхбатының толық нұсқасы жарияланды (видео)

«Хабар 24» телеарнасының YouТube-тегі арнасында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің отандық БАҚ өкілдерімен кездесу барысындағы сұхбатының толық нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы биылғы жылы елімізде болған маңызды жайттарды қорытындылап, отандық БАҚ тілшілерінің сұрақтарына жауап берді.

Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 28 желтоқсанда телеарналарда көрсетілді.

Жекелей алғанда, елбасы елімізде мерзімсіз президент сайлауы өтетіні туралы тараған қауесетке қатысты пікір білдіріп, оны жоққа шығарды. Ол президент сайлауы 2020 жылы өтетінін айтты.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ аумағында ортақ валюта енгізу туралы сұраққа жауап берді. Президенттің айтуынша, бұл сұрақ осы уақытқа дейін нақты талқыланбаған.

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Өзбекстан шекарасына Хоргос секілді орталық салуды ұсынды. Оның айтуынша, мұндай орталықтың құрылысынан соң сол аумақта жаңа қоныс пайда болады.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері қазақстандық мәдениеттің әлемге танылған отандық бренд болуы мүмкін бе деген сұрақ қойды. Президент Димаш Құдайбергенді атады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау