Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевқа ЭКСПО-ны өткізгені үшін алтын медаль берілді

Халықаралық көрме бюросы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге атсалысқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алтын медаль берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170909192457

Осылайша ХКБ елбасыға білім беру, инновация және серіктестіктің негізгі құндылықтарын шынайы өмірге айналдыра білгені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, медаль Қазақстан билігіне көрмені ұйымдастырғаны және болашақ энергиясы саласында серіктес болғаны үшін ризашылықтың белгісі ретінде беріліп отыр.

Алтын медальді президенттің атынан «Астана ЭКСПО 2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов алды.

Айта кетейік, аталған компанияға халықаралық қатысушыларды қолдап, кәсібилік танытқаны үшін абырой медалі берілді. Екінші алтын медаль ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларына берілді. Екінші абырой медалін қонақжайлылық танытқан Астана қаласы мен оның тұрғындарына атады. Жүлде Астана әкімі Әсет Исекешевке табысталды. Тағы бір медаль көптеген қатысушыларды шақырған көрме комиссары Рапиль Жошыбаевқа берілді. Еріктілер мен қоғаммен байланыс департаментінің қызметкерлеріне сертификат табысталды.

Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі 10 маусым күні ашылған болатын. Көрменің жабылуы ертең, 10 қыркүйекте Астанада өтеді.

Жіберіп алмаңыз:

Астанадағы ИЫҰ саммитінде Мьянмадағы мұсылмандар ахуалы талқыланады

Назарбаев Ердоғанға: Екеумізге жұмыс көп

Реджеп Тайып Ердоған: Қазақстанда өз үйімдегідей сезінемін

Алматы облысында қарамағындағыларды балағаттай беретін әкім жұмыстан қуылып тынды

Талқылау