Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа қызметке келген Әсет Исекешевтің алдағы міндеттерін нақтылап берді

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев жиналыс барысында Әділбек Жақсыбековке президент әкімшілігінің басшылығындағы  қызметі және басқа да мемлекеттік қызметтердегі жұмысы үшін алғыс білдіріп, оның Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ, президент әкімшілігінің жаңа басшысы Әсет Исекешевтің алдына міндеттер қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа қызметке келген Әсет Исекешевтің алдағы міндеттерін атады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Көптеген жыл бойы жанымда жүрген Әділбек Рыскелдіұлын бәріңіз білесіздер. Ол елорданың алғашқы әкімі болды. Барлық қызметінде жауапкершілік танытып, адал қызмет атқарды. Оған зор денсаулық пен алдағы уақытта табыс тілеймін», – дейді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев  жиналысқа қатысушыларға президент әкімшілігінің жаңа басшысы Әсет Исекешевті таныстырды.

«Әсет Өрентайұлы менің көмекшім болып, министр, вице-министр қызметтерін атқарды. Соңғы 2 жарым жылда мемлекетіміздің бас қаласындағы жұмысы үшін астаналықтардың жақсы бағасын алды. Ол белсенді ұстанымымен және кретивті көзқарасымен ерекшеленеді. Қазір бізге дәл осындай адам қажет. Ол Астананың әкімі болғанда, «ЭКСПО-2017» мен Астананың 20 жылдығын лайықты түрде өткіздік. Әсет Өрентайұлы бұл міндетін атқара алатынына сенемін», – дейді президент.

Жиналыс соңында елбасы халықтың әл-ауқаты мен экономикалық дамуын әрі қарай қамтамасыз ету тұрғысындағы президент әкімшілігінің рөліне баса назар аударып, оның алдынағы негізгі міндеттерді нақтылап берді.

«Аппарат алдындағы маңызды мәселе – бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың сапалы түрде жүезе асырылуына әрекеттесіп, олардың атқарылуын қадағалау. Қазіргі уақытта жұмыс өңірлік деңгейге ауысқанын атап өткім келеді. Сондықтан барлық деңгейдегі әкімдіктердің қызметін тиімді түрде біріктіріп, оларға бірлесе әрекет етуге көмектесу керек», – деп тапсырды мемлекет басшысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау