Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Зәмзәгүл Шәріпованың туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі, театр және кино өнерінің майталманы Зәмзәгүл Шәріпованың туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Зәмзәгүл Шәріпованың туыстарына көңіл айтты

© AP Photo / Alexander Zemlianichenko

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы ұлттық драматургия саласындағы талантты актерлер шоғырының белді өкілдерінің бірі болатын. Оның кинода және театр сахнасында сомдаған айшықты рөлдерін өнерсүйер қауым әрдайым қызыға тамашалады. Ол ешкімге ұқсамайтын қайталанбас қолтаңбасы арқылы өз саласында айрықша із қалдырды.

Зәмзәгүл Шәріпованың қазақ өнеріндегі ерекше орны мен жарқын дидары ешқашан ұмытылмайды деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Зәмзәгүл Шәріпова сенбі күні 87 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Көрермендер оны “Айман-Шолпан”, “Қарагөз” және тағы да басқа қойылымдар арқылы жақсы таниды.

Актрисамен қоштасу 16 шілде күні сағат 10.00-де Әуезов атындағы драма театрында өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау