Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев өкінішін айтты (видео)

Белгілі қазақстандық тележурналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында 3 шілде күні “КТК” (21-00) және “Хабар” (22-00) телеарналарында көрсетілетін “Мемлекет басшысы” деректі фильмінің кезекті видео аңдатпасын жария етті.

наз

Ярослав Красиенко өзінің Instagram-аккаунтында жарияланған бейнежазбадағы бірінші аңдатпада Нұрсұлтан Назарбаев балалары жайында және өзін әке деп айтатын қазақстандықтармен қарым-қатынасы жайында сөз қозғайды.

“Жастар мені әке деп айтады, солай емес пе? Кейде “әке” десе, демек қартайғандай сезінесің бе? Екінші жағынан алып қарағанда, жақсы көргеннен айтатын шығар деп ойлайсың. (…) Ең бастысы балаларым кішкентай болған кезінде олармен айналыса алмадым, өз балаларымның сәби шағынан ләззат ала алмадым. Олар өсті, қатар өсті және менен алшақ жүріп өсті. Дегенмен, олардың барлығы да мен қатты жақсы көреді, менің қыздарым, менің балаларым. Қазіргі уақытта мен мұндай жұмысбасты болмағанымда, олармен бірге болып, мұнан да көп нәрсе берер едім деп ойлайсың”, – деді Н.Назарбаев.

Келесі видео сұхбат эпизодында Мемлекет басшысы күрделі 90-шы жылдарда шешімдер қалай қабылданғанын еске алады.

“Қираған ел. Кеңес одағы күйреген. Барлығы тұрып қалған. Экономика жұмыс істемейді және саған адамдарға бірдеңе айтуға тура келеді. Ал ең бастысы, халықтың өмірін жақсарту үшін бірдеңе жасау қажет. Сол кезде қалың оймен жүресің, ойланасың: мынаны жасай алатын шығармын, ал мына жерде тосын жайт көмектесер, ал мында тағдыр шешер, деп”, – деген ой толғайды фильмде Мемлекет басшысы. 

Талқылау