Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың баспасөз хатшысы елбасының неліктен McDonalds-қа барғанын түсіндірді

Күні кеше елбасы Қазақстанда алғаш ашылған “Макдоналдс” мейрамханасына барды. Көпшілік мұны қазақстандықтарды фастфудпен тамантануға шақыру деп түсінген-ді. Бар сұрақтың жауабын Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев берді.

a846870e09d101d1614c5994f341a507

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Елбасымыздың “Макдоналдс” мейрамханасына не себепті барғанын “Мұндай болжамдар ешнәрсеге негізделмеген. Қалай тамақтану – әр индивидтің жеке таңдауы. Мұнымен қатар, “Макдоналдстың” ашылуын қазақстандықтардың асыға күткенін жоққа шығаруға болмайды.

32d04314fb09ec7ff2ccdfec894a2d01

Кешегі сапардың мақсаты салмақтырақ. Біріншіден, басталған іс алдағы уақытта 20 мың азаматты жұмыспен қамтиды. Екіншіден, “Макдоналдске” қажет өнімнің 70-80%-ы жергілікті азық-түліктен әзірленетін болады. Үшіншіден, көп жағдайда инвесторлар үлкен нарыққа шықпас бұрын ол жерде көрсетілген әлемдік брендтерді зерттейді, әрі “Макдоналдс” бұл тізімде соңғы емес екені анық” , – деп Абаев аталған мейрамхана жұмыстарының еліміз үшін өте тиімді екенін айтып өтті.

902227d29a3faa6def03e7101671fb6a_XL

Ары қарай “Осының арқасында олар нарықтың қарқыны, азаматтардың сатып алу мүмкіндігі және мемлекеттегі экономикалық жағдай туралы ақпарат алады. Сондықтан елбасымыздың кешегі сапары – әлемдік инвесторларды Қазақстанға келіп, ақшаларын осы жердегі іске салуға үндеу”, – деп елбасымыздың басты мақсатын түсіндірді.

a1c9ccfd2887aa70fa4bf435344e5851

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін елбасының әріптестерінен кешірім сұрағаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау