Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев: Маған президент болуды университетте үйреткен жоқ

Нұрсұлтан Назарбаев президенттік міндетін дұрыс атқару үшін күндіз-түні білім алуға мәжбүр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170527140519

«Мына заманда кезінде алған біліміне ғана сүйенетін адам емес, ғұмыр бойы білім алатын адам көп жетістікке жетеді. Қалай президент болу керектігін маған университетте үйреткен жоқ. Президент болу үшін және заман талабына сай келу үшін менің күндіз-түні, әрқашан білім алуыма тура келеді. Естеріңізде болсын, өзгеріске дайын адам жеңіске жетеді. Кімде-кім зерттеушілермен, инвесторлармен бір тілде сөйлессе, сол жеңеді», – деді Елбасы Назарбаев университетінің түлектерін құттықтау рәсімінде.

Нұрсұлтан Әбішұлы бұл туралы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да жазғанын тілге тиек етті.

Еске сала кетейік, аталған мақаласында Елбасы әр қазақстандықтың қандай қасиеттерге ие болу керектігін атап, бас тартуға тұратын әдеттер мен стереотиптерді атады.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы “Болашаққа” бөлінетін ақшаның бір бөлігін Назарбаев университетіне аударуды ұсынды

Білім министрлігі болашақтықтарды жұмыстан шығаруға тыйым салды

Прокурор Мұхтар Әбілязовті 20 жыл түрмеге қамауды талап етті

Павлодарда «Қазавтожолдың» лауазымды шендісі 3 миллиард ұрлады деген күдікке ілінді

Талқылау