Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев бесінші дүниежүзі қазақтарының құрылтайын ашты

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен бесінші дүниежүзі қазақтарының құрылтайының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170623110946

Құрылтайға әлемнің 39 елінен 800-ден астам делегаттар мен қонақтар қатысып жатыр. Олардың арасында шығармашылық, ғылым, педагогика, бизнес, спорт саласының өкілдері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері бар. Жалпы алғанда 80 пайыз делегат пен қонақ құрылтайға тұңғыш рет қатысуда. Мәселе, Жапония, Корея, Италия, Черногория, Польша, Әзербайжан, Молдова елдерінен қонақтар мұндай шараға алғаш рет келіп отыр.

Құрылтайға қатысушылардың 60 пайызы 35-ке дейінгі жастар. Шетелдік делегаттар арасында – Молдова парламентінің депутаты, саясаткер Богдан Цырдя, Томск облысы губернаторының әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Шыңғыс Ақатаев, Алтай Республикасы Туратин ауданының басшысы Аманжол Сахарянов, Омск облысының заңдық жиналыс депутаты Нұрлан Қартбаев, Оренбург облыстық қалалық кеңесінің депутаты Құрмамбай Құмақбаев, Санкт-Петербургтегі өңірлік экономика және құқық институтының ректоры Ерлан Ысқақов сынды және басқа да тұлғалар қатысуда.

Еске салайық, құрылтай аясында Ұлттық академиялық кітапханада “Халифа Алтай және оралған тарих” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Құрылтайға келген шетелдік делегаттар үшін дін істері және азаматтық қоғам, білім және ғылым, ақпарат және коммуникация, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау министрліктері арнайы дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.

Делегаттар мен қонақтар “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесімен де танысып, “Астана Опера” опера және балет театры мен этноауылға да барады.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында жалғызбасты ана төрт баласымен бірге мешіттен тамақтануға мәжбүр

Қарағандылық полицей демалыс ақысына жетім балаларды қыдыртты

Ақмолалық полицей жетім қызды өз қамқорлығына алды

ОҚО-да екі кәсіпкер 100 отбасыны бір ай бойы асырайды

Талқылау