Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев: Ажырасудың көбейіп кеткені жанымды жабырқатып отыр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына іссапары барысында этнобірлестік өкілдерімен кездесіп, бақытты отбасы туралы пікірімен бөлісті.

20170918223023

«Сенім – бұл ғылыми, философиялық дүние. Сенім бар болса, сөйлесуге, достасуға болады. Сенімсіз отбасының өмір сүруі мүмкін емес. Сенім болмаса, отбасы ойран болады. Елімізде ажырасулардың көбейіп кеткені жанымды жабырқатып отыр. Мен бәрін де білемін, қолымда мәлімет бар. Үйленіп жатқан жастардың төрттен бірі 1-2 жылдың көлемінде ажырасып кетуде. Неге олай болып жатыр? Біріншіден, үйленуге асығады. Алдымен, адамды толық танып, оның отбасында, достарының арасында, қоғамда қандай екенін біліп алу деген жоқ. Бірақ төзім жетпейді. Жалпы сыртқы жұмыс тек би үшін қажет. Ал нағыз сұлулық – ол адамның жаны», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Бұдан өзге, Нұрсұлтан Әбішұлы әйелдер психологиясына деген көзқарасын білдірді.

«Әйелді түсіне білу қажет. Олар бізге қарағанда өзгеше жаратылған. Олар басқаша ойлайды, жалпы милары өзгеше құрылған. Кейде оларды да тыңдаған дұрыс. Әйел бір рет сенің айтқаныңды орындау үшін, сен оны он рет тыңдауың қажет. «Нағыз еркек» деген сөз тіркесі бар. Біз бәріміз де нағыз ерміз. Бұл тіркесті әйелдер күйеулерін қорқыту үшін ойлап тапқан», – деп түсіндірді президент.

«Берік отбасы – барлық нәрсенің негізі. Ең бастысы – төзім. Бар күйде қабылдап үйреніп, төзе білу қажет. Бірден жұдырық ала жүгіріп не ыдыс сындырудың қажеті жоқ. Керісінше жастарға отбасылық өмірде сабырлы болу керектігін ұқтырғанымыз жөн. Бала пайда болған соң, адамның міндеттері де артады. Балаларға да төзе білу керек, бір-біріне де шыдау керек», – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент Гарвард университетінде жүргізілген зерттеуді мысалға келтірді.

“Адамның бақыты неде? Дәл осы сұрақты он мың адамға қойыпты. Бірінші орында – балалар, екінші орында – достар, ал үшінші орында адамдардың бір-бірімен тілдесуі мен жақсылық жасауы. Яғни ешкіммен араласпайтын жалғыз адам бақытты бола алмайды”, – деп түсіндірді елбасы.

Сөз соңында мемлекет басшысы мінсіз жұбай іздеу туралы анекдот айтты:

“Бір бай үйленгісі келіп, өзіне мінсіз әйел іздепті. Бірақ сол күйі таппастан, қарттығын жалғыз қарсы алыпты. Оқушылары одан: “Сен сондай данасың, неге әйелсіз қалдың?”, – деп сұраса: “Мен мінсіз әйел іздеген едім. Күндердің күнінде өзім ұнатқан сұлуды таптым. Бірақ ол ақылсыз болып шықты. Кейін ақылды әйелді кезіктірдім. Бірақ достарым: “Сен осыған үйлекбексің бе?” – деп райымнан қайтарды. Ақырында ақылы көркіне сай аруды жолықтырдым”, – деген екен. “Ендеше неге үйленбедің?” – десе қарт: “Себебі ол да мінсіз күйеу іздеп жүрген екен”, – деп жауап беріпті”.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы: Латын әліпбиіне өту мәселесін дұрыс түсінген жөн

Божко: Қалаға келетін ауылдық жастардың ағымын азайту керек

Бердібек Сапарбаев өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді

Бауыржан Байбек көшеде баян тартып отырған қарияға қолтаңба берді (видео)

 

Талқылау