Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының жасыл аймағын аралады

Бүгiн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының жасыл аймағын аралап, “Жасыл аймақ” РМК “Ақ қайың” орман тұқымбағының арборетумы мен ағаш тұқымы плантациясының жұмысымен танысты.

8787

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев жасыл аймақты аралап, онда өсiрiлетiн ағаш тұқымдарын қарап, бақ аумағын ұлғайту болашағымен танысты.

Естерiңiзге сала кетсек, Қазақстан астанасы сары далада орналасқандықтан Мемлекет басшысы елорданы Астанаға көшіргеннен кейін қала айналасында “жасыл аймақ” құру жөнінде тапсырма берген болатын. Орман алқаптары қаланы жаздың аңызағы мен қыстың боранынан сақтайды. Осының арқасында елорданың ауа-райы өзгерiп келедi.

ерер

4141

Бүгінгі таңда қала маңында ағаш отырғызу және екпе ағаштарды күту жұмыстарымен “Жасыл аймақ” РМК айналысады. Кәсіпорын жыл сайын Астананың жасыл аймағы үшін қарағай, балқарағай, қайың, шегіршін, жиде, терек, алма мен басқа да ағаштардың көшеттерін өсіреді.

Талқылау