Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев «Анаға апарар жол» тарихи фильмінің көрсетіліміне қатысты

Астана қаласында режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасының жабық көрсетілімі өтті. «1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай ұымдастырлған шараға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзі қатысып, фильмнің тұсауын кесті.

1212

Бұл туралы Stan.kz сайтының Астанадағы тілшісі хабарлайды.

Тарихи драма әп-сәтте балалық шағының астаң-кестеңі шыққан Ілияс есімді жігіттің өмірін суреттейді. Оның көз алдында әкесі көз жұмып, анасынан күштеп айырады. Ілиястың басынан сан түрлі сынақтар өтеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс пен абақты. Алайда, қаншалықты ауыр күн кешсе де оның анаға деген махаббаты, анасымен қауышу арманы өмір сүруге күш береді.

6565

«Фильм өте күрделі тарихи картина. Басты кейіпкерлер арқылы біз халқымыздың басынан өткен ауыр жағдайларды көрсетеміз. Бұл негізінде ананың балаға деген, баланың анаға деген махаббатын және осы кейіпкерлердің 45 жылға жуық өмірін қамтитын уақыт. Бүгінгі көрсетілім алғыс айту күніне орай ұйымдастырылып отыр. Менің ойымша бұл өте дұрыс. Расында да бұл киноның тақырыбы осы күнге сай келіп тұр» – деді картинаның режиссері Ақан Сатаев.

7422

Айта кетейік, түсірілім барысы жарты жылға созылған туынды Қазақстан, Беларусь және Әзірбайжан елдерінде түсірілген. Киноға жалпы 2 мыңнан астам актер қатысқан. Фильмнің бас продюссері – Әлия Назарбаева. Басты рөлдерде Алтынай Нөгербек, Берік Айтжанов, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова сынды танымал актерлар ойнайды.

7474

«Анаға апарар жол” картинасында Ілияс есімді жігіттің образын сомдадым. Күрделі образ. Оны сомдау барысында көп ізденісті талап етті. Режиссермен ақылдаса отырып, сол кісінің талаптарын орындауға тырыстық. Көрерменге ұнайды деген сенімдемін. Өйткені фильм біздің өткен ғасырдағы ең қиын кезеңдерді қамтиды. Жарты жылға созылған түсірілімде мен сол образда өмір сүрдім десе де болады. Фильм түсіріліп біткен соң режиссер алғысын білдірді. Ойымдағыдай шықты деп қолымызды алып, құттықтаған болатын» – деді актер Әділ Ахметов.

25

Бұл Әділ Ахметовтың Ақан Сатаевпен үшінші жұмысы. Бұған дейін өнер иесі режиссердің «Жау жүрек мың бала», «Рэкетир 2» картиналарында эпизоттық рөлдерде ойнаған болатын.

222 525 888

3235

6521

Талқылау