Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрмағамедовтың әкесі ұлын төбелескені үшін қатаң жазалауға уәде берді

Жеңіл салмақ бойынша UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедовтың әкесі, әрі жаттықтырушысы Абдұлманап Нұрмағамедов ұлын ирландиялық Конор Макгрегормен күрестен кейінгі әрекеті үшін қатаң жазалайтынын айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі «Известия»-ға сілтеме жасап.

Нұрмағамедовтың әкесі ұлын төбелескені үшін қатаң жазалауға уәде берді

Абдұлманап Нұрмағамедов жауынгердің жекпе-жекті жылдам бірінші раундта-ақ аяқтауға мүмкіндігі болғанын атап өтті. Бірақ, Хабиб әзірленген тактиканы ұстанған.

Жауынгердің әкесі Макгрегормен өткен шайқастан кейінгі оқиғаны түсіндіре келе, бапкер ретінде әрқашан командадағы қатаң тәртіпті қолдайтынын айтты. Сондай-ақ, ол ұлының бұл әрекетін жосықсыз деп атап өтті.

Хабибтің әкесі ұлына қарсы санкциялар UFC-дікінен гөрі қатаңырақ болатын мәлімдеді. Жаттықтырушының айтуынша, жауынгер сегізбұрыштың ішінде бәрін жасай алады, бірақ одан тыс жерде айналасындағы адамдарға тап беруге болмайды.

«Мен тіпті, Макгрегордың жанында жұдырықтарын түйіп жүрген Әбдубәкарды, Резванды, Эседулла Эмирагаевты және сол жерде төбелескен Тұхуговты айыптамаймын, өйткені бүкіл төбелес сегіз бұрыштың ішінде өтті. Бірақ, октагонның сыртында төбелес ұйымдастыру дегенге қарсымын», – деді Абдұлманап Нұрмағомедов команданың басшысы ретінде жауаптылықты өз мойнына аламын деп.

Естеріңізге сала кетейік, кешегі айқаста жеңімпаз атанған Нұрмағамедов Конордың команда мүшелерімен болған жаппай төбелеске араласып кетіп, басы дауға қалды.Содан кейін Хабиб айқастан кейінгі әрекеті үшін кешірім сұраған болатын. Бірақ, дініне, әкесі мен еліне қатысты айтылған сөздерді кешіре алмайтынын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау