Қоянбаев туған күнін еуропалықтарша ашық аспан астындағы мейрамханада тойлады (фото, видео)
Нұрлан Қоянбаев 38 жасқа толған туған күнін Астананың қымбат барларының бірінде дүркіретіп атап өтті. Әзілқойдың қуанышын бөлісуге барша достары мен туысқандары келді.
Сурет: Нұрлан Қоянбаевтың жеке парақшасынан алынды
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Күні кеше Нұрлан Қоянбаев 38 жасқа толған туған күнін еуропалық стильде атап өтті. Алғашқылардың бірі болып Нұрлан Қоянбаевты келіншегі мен продюсер Жан Мұқанов құттықтады. Олар торт әзірлеп, шар алып келген екен. Ал Санжар Мұстафин сыйлықты тек арада бір сағат өткен соң ашуды өтінген.
“Санжар мырза, көп рахмет! Ішінде не бар екен? Бір сағаттан соң ашамын деп уәде бердім” деп жазады Нұрлан Қоянбаев суретінің тұсына.
Әншіні құттықтауға АҚШ елшілігінің өкілдері де келген екен. Ал қазақстандық танымалдардан Айқын Төлепберген, Тамара Асар, Нұрдәулет Шертім, Хабар агенттігінің басқарушысы Тілеужан Темірәліұлы, “Астана” футбол клубының бас менеджері Қайсар Бекенов, Болат Мажағұлов және т.б.-лар келді.
Публикация от Karakat (@karakat_a)
Кешті Айгүл Мүкей мен Нұрдәулет Шертім жүргізді. Туған күн кеші өткен барды Нұрлан Қоянбаев мен “Жан әлем груп” ивент агенттігі қосылып ашқан болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Еркенің “Қайда” бейнебаяны 10 млн көрілім жинап, рекорд орнатты
Ерке Есмахан микрофонын инеге айырбастады