Нұрлан Еспанов қатарынан 2 үй алғанын айтып мақтанды

Жұма, 9 Қыркүйек , 2016 14:48

Әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов екі бірдей пәтер сатып алды. Астыңғы және үстіңгі қабатта орналасқан қос пәтерді біріктірген Еспанов оны петнхаусқа айналдырған. Соған қарамастан «зәулім сарайда тұрамын деп айта алмаймын, өзіме тиесілі кішкентай ғана үйім бар» деп қарапайымдылық танытқан ол жаңадан салынған тұрғын үйдің 12 және 13 қабатында тұратын болып шықты.

z2cYiYm1YHc

Бұл туралы КТК арнасының «Басты рөлде» бағдарламасында айтылды.

Үстіңгі қабаттағы пәтер үш бөлмелі екен. Қонақ бөлмелері де, ас үй де, достарына арналған жуыну бөлмесі де осы  қабатта. Еспанов сыйлық жасайтын достарының көп екенін де жасырмады. Мәселен, қонақ бөлмеде тұрған аспашамды Ғалым атты досы сыйға тартса, үйдің сәнін келтіріп тұрған мына бір сағатты інісі алып берген.

Ал Нұрлан үшін ең бағалы зат інісі сыйға тартқан мына бір портрет екен. Сырттан келетін қонақ үшін арнайы жуыну бөлмесін әзірлеген адамның кім екенін білесіз бе? Ол – біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұрлан Еспанов. Екі қабатты пәтерінің үстінгі бөлігінде композитор өнердегі достарына арнайы душ кабинасын жасатқан. «Қалада өскендер көп ваннаға түсе бермейді ғой. «Душ бар ма?» деп сұрайды. Мына душ кабинасын үстіне қойдық. Ішінің бәрін әншілерге лайықтап жасады інім. Мен бұған қол ұшын да тигізген жоқпын», – дейді Нұрлан Еспанов.

Screenshot_4-3-1040x728

Фото: скриншот

Ал отбасы мүшелеріне арналған жуыну бөлмесі төменгі қабатта орналасқан екен. Сонымен екі қабатты пентхаусда екі жуыну бөлмесі бар болып шықты. Төрт перзенттің ата-анасы Нұрлан және Жанар Еспановтар үлкен қызы Әйгерімді үзатып, қияға қондырған. Ұлдары әскери қызметте болса, Мөлдір мектеп оқушысы, ал Хадия әлі кішкентай.

Screenshot_6

Еспанов ұл-қыздарының бөлмелерін де көрсеткен. Ұлының бөлмесі мінезіне сай екен. Композитордың айтуынша, ұлы анасына ұқсаған. Көп сөйлемейді, мінезі өте байсалды. Сол себепті оның бөлмесінде де артық дүние жоқ. Ал әншінің кербез қыздары нағыз ханшайымдардың бөлмесінде тұрады. Еспанов болашақта жеке бөлмесіне студия орнатып алмақ. Айтпақшы, аспазшының оқуын оқыған Еспанов ешқашан ас әзірлеп көрмегенін айтты.

Жіберіп алмаңыз: 

Орынбасаровтың 1 жасар ұлы Еспановқа пародия жасады (видео)

Абай Бегей әріптесі Еспановтың аз сөйлейтінін айтып әжуалады (видео)

Нұрлан Еспанов дүркіретіп той жасап, қызы Айгерімді ұзатты (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар